«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндеріндегі күрделі мақсаттармен жұмыс түрлері»
атты облыстық ашық сабақтар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 30 сәуірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының 9-11 сыныптарында ашық сабақтар өтті.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын меңгерту мақсатындағы іс-шарада «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды.
Академиялық жыл аяқталған кезде 5-8, 10 оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті», қазақ сыныптарындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өтетіндігі және төрт дағдыға сәйкес аралық аттестаттаудың нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер, Шу ауданы, Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Жапсарбаев 9 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Табиғат ресурстары-ел байлығы», Тараз қаласы, Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Байгулиева 9 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Қазақстан жеріндегі табиғат ресурстары», Байзақ ауданы, Көктал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Демесинова 10 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Ш.Құсайынов «Томирис» пьесасы, Талас ауданы, Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Мылтыкбаева 10 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Қазақтың танымал сәулетшілері», Сарысу ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Конысбаева 9 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Н.Айтұлы «Тәуелсіздік жетістіктері», Жуалы ауданы, Тұрсын Әкімов атындағы №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бейсенбаева 9 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Қ.Мұхамедқалиев «Тар кезең», Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Абуева 11 сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Э.Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі, Жамбыл ауданы, Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Абдрасилова 11 сынып қазақ әдебиеті пәнінен Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасындағы замана көрінісі тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Облыстық ашық сабақтар циклына 45 педагог, 116 оқушы қатысты.




